Атырау, 20 сәуір 07:52
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Түркияда алғаш рет хакерлерге қатысты сот басталды

1 530 просмотра
 
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Түркияда хакерлерге қарсы -  Redhack деп аталатын хакерлер тобына қатысушыларға сот басталды, деп хабарлады «Курс» сайты.

Сот топқа қатысушы он адамға айыптау жариялады. Оларды лаңкнестікке айыптауда. Жыл басынан бері олардың үшеуі қамауда отырды.

Айыптау өкілдерінің айтуынша, 1997 жылдан бері, яғни он бес жылдан астам уақыт бойы, хакерлер заңсыз түрде жаһандық желіні пайдаланушылардың жеке ақпараттарына қол жеткізген. Бүдан басқа олар компьютерлер жүйесін бұзып, әртүрлі құпия құжаттарға қол жеткізген, деп хабарлады  Global Post.

Хакерлердің әрекетінің салдарынан жеке адамдар мен компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар зардап шекті. Хакарлерден барлау жұмысы, елдің интернет-реттеушісі және тіпті  Turkish Airlines авиакомпаниясы да зардап шекті.

Прокуратура хакерлер құқық тәртібін бұзғаны, тіпті мемлекеттік өкіметке қатер төндіргені үшін жауап берулері тиіс деп санайды. Ал айыпталушылар болса, өздерінің пікір айту бостандығын көздегенін уәж етеді.

Хакерлерге қарсы үдерістерге қатысушылар 8 жылдан 24 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Айыптаушы тарап өкілдері Redhack хакерлер тобының Anonymous халықаралық тобымен байланыста болуы олаврдың кінәларын ауырлата түседі, деп санайды.

Биылғы жылдың басында Anonymous қозғалысының өкілдері Түркия өкімет орындарынан армяндарға геноцид жасалғанын мойындауды талап етті, әйтпесе жаппай кибершабуылдар жасайтынын айтыпқорқытты. 27 сәуірде Anonymous Түркияның үкіметтік сайттарына жаппай шабуыл жасады, ал Redhack тобы хакерлерді қолдаумен қатар  Anonymous қызметіне қосылатынын мәлімдеді.

Дереккөз: inform.kz

28 қараша 2012, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.