Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бір көпірдегі екі оқиға

Бейнежазба
11 947 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған кадр

Бүгін, 22 сәуірде таңертең Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны Балықшы көпірінен секірмек болып, өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Бірақ полицей өтіп бара жатқан жүргіншінің көмегімен оны жасауына жол бермеді. Сол уақытта оқиға болған жерден бірнеше метр қашықтықта жол-көлік апаты болды. Бәрін рет-ретімен баяндайық.

Ер адамды көпір түбінде кезекшілікте тұрған полицияның учаскелік инспекторы Айдын ҚАЖЕНОВ құтқарып қалды.

- Қаженов оны алаңдату үшін сөйлесіп, содан соң ебін тауып, қарсы бағытта келе жатқан адамға оны ұстауға белгі береді. Сөйтіп екеулеп ер адамды қауіпсіз жерге шығарды, - деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сол сәтте бірнеше метр қашықтықта көліктер соқтығысады. Айтпақшы, әлеуметтік желіде әлгі жігіт көлік апатын жасаған соң өз-өзіне қол жұмсамақ болды деген қауесет таралуда. Бірақ олай емес, оқиғаның бір-біріне қатысы жоқ. Жұмыскер ауылы жақтан келе жатқан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (Жүргiзушiлердiң көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген жол жүрісі ережесін бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданады.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалар

22 сәуір 2020, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.