Атырау, 26 қараша 14:22
 снегВ Атырау +1.6
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57

Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз

2 036 рет қаралды

АСТАНА,  27 қар– Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысында үш күн бұрын жоғалған экипажында 8 адам бар  МИ-823 тікұшағын іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз, деді журналистерге «ҚазТрансОйл» бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

«Іздеу жұмыстарынан әлі күнге дейін нәтиже жоқ», - деді  Қабылдин Астанада баспасөз конференциясы барысында.

Ми-8 тікұшағы «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашаңқай мұнай құбырына әуеден бақылау жүргізу үшін әуеге көтерілген. Белгіленген уақытта экипаж әуе қозғалысын қамтамасыз ету диспетчерімен радиобайланысқа шықпаған. Қазіргі уақытқа дейін тікұшақтың қай жерде екендігі туралы ақпарат жоқ.

Дереккөз: newskaz.kz

27 қараша 2012, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.