Атырау, 25 сәуір 18:19
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда тағы екі адам Covid - 19 инфекциясына шалдықты

3 656 просмотра

"Қазіргі таңда қауіпті дертпен күресіп жатқан науқастар саны 82 адамға жетті" деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Қауіпті вируспен тіркелгендердің екеуі де әйел адамдар. 1965, 1968 жылы туған әйел адамдар бұған дейін коронавирусқа шалдыққан науқаспен тығыз байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға оқшауланған болатын. Олардан алынған зертханалық сынамалар және диагностикалық зерттеулер нәтижесі Covid - 19 инфекциясын растап отыр.

Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдауда.
Сонымен бірге, емделушілермен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Алгоритмге сәйкес, оқшауланғандар медициналық бақылауда болады.

Инфекция ошақтары дезинфекциялануда.

21 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау қаласында Covid - 19 инфекциясына шалдыққандар саны 82 адамға жетті.

22 сәуір 2020, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.