
Ал, Швейцария зерттеушілері Арафаттың киімдерінен радиоактивті полонийдің ізін тапты. Содан кейін Арафаттың жесірі Суха күйеуінің мәйітін қабірден қайтадан қазып алуды талап етіп, автономия үкіметіне өтініш берген болатын. Эксгумацияға Ресей, Швейцария, Франция мамандары қатысты. Лозанна университеті госпиталінің баспасөз хатшысы Дэрси Кристеннің айтуынша, қорытынды шығару үшін бірнеше ай кетеді. Демек, әлем жұртшылығы Арафаттың өлімі неден келгенін тек келесі жылдың наурыз немесе сәуір айларында білуі мүмкін.
Дереккөз: kaztrk.kz
27 қараша 2012, 16:44