Том мен Джерри туралы әйгілі мультфильмнің авторы қайтыс болды
4 396 рет қаралды
"Том и Джерри" және "Моряк Папай" мультфильмдерінің авторы Джин Дейч 95 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Сartoon Brew.
Басылымның мәліметінше, Дейч 17 сәуірге қараған түні өз пәтерінде қайтыс болған. Ол Прагада тұрған екен. Аниматордың өлімінің нақты себебі айтылмады. Отбасы мүшелері оның коронавирустан қайтыс болмағанын айтады.
Фото:facebook.com/gene.deitch.9Айта кетейік, аниматордың "Манро" фильмі "Оскар" жүлдесінде үздік қысқаметраж фильм ретінде жүлде алған еді. Ал 2004 жылы Дейч анимацияға үлесін қосқаны үшін Winsor McCay Award жүлдесін алған.