Атырау, 4 қазан 17:50
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайтынын айтты

1 613 просмотра

АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайтынын айтты, деп хабарлайды ҚР экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі Министрі Хатшылығының баспасөз қызметі.

Өткен аптада Вашингтонда Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздер барысында Қазақстан мен АҚШ арасында сауда және инвестиция жөніндегі екі жақты комиссия құру туралы шешім қабылданды. Бұнымен қатар, зияткерлік меншік, сауда саясаты және саудадағы техникалық кедергі құқықтарын қорғау мәселелері бойынша келісімдерге келді. Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, мемлекеттік сауда кәсіпорындарын реттеу, үшінші елдермен саудадағы санитарлық және фитосанитарлық шаралар мәселелері талқыланды.

Сапар барысында ҚР экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі Министрі Жанар Айтжанова АҚ Үй, Мемдепартамент, Сенат және АҚШ сауда өкілі кеңсесінің басшылығымен кездесу өткізді. Осы кездесулер кезінде АҚШ Қазақстанға деген инвестициялық ынтымақтастық жағынан қызығушылығын білдірді және кезекті рет Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдірді.

Дереккөз: bnews.kz

27 қараша 2012, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.