Шүпірлеткен көп балық туралы бейнежазбаға қатысты Құрманғазы ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Саламат ҚАБДОЛОВ қосымша ақпарат берді.
-Бұл Қиғаштың саласы Шарон өзегі бойындағы көрініс. Биыл күннің жылы болуына байланысты Ресейден Қиғашқа су ерте жүрді. Сонымен қатар уылдырық шашуға теңізден балық та келді. «Атырау-Астрахань» жолын салғанда өзденде балық өтетін жолдар тарылған, сондықтан балық бірден көтеріле алмай тұр, бірақ біртінден шығып жатыр.
-Ауданда көктемгі балық аулау науқаны қалай жүзеге асырылуда?
-«Каспий-Балық», «Каспий таңы» ӨК, «Ш. Сүлейменов», «Тілекші», «Аманкелді» ЖШС, «Е. Сәрсенбаев» ШҚ - барлығы алты шаруашылық Қиғаш өзені мен Каспий теңізінен балық аулайды. Оларға 13 ау тартым учаскесі бөлінген. Биылғы жылға көктемгі балық аулауға 2518 тонна лимит бөлінсе, бүгінде 795 тонна балық ауға түсті. Қазір науқанның қызған шағы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА