Атырау, 25 сәуір 06:17
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында ​коронавирустан екі медицина қызметкері жазылып шықты

3 232 просмотра

«Осылайша, аймақта коронавирус инфекциясын жеңіп шыққандар саны 23 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Сауығып шыққандар облыстық аурухананың 1973, 1984 жылғы екі қызметкері. Оларды бүгін, яғни, 20 сәуір күні ауруханадан шығарды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда инфекциондық стационарда 57 науқас коронавирус инфекциясы диагнозымен емделіп жатыр.

Атыраудағы және жеті аудандағы провизорлық стационарда 16 адам жатыр. Карантиндік стационарда 439 адам бар. Үй карантиніне 2106 жергілікті тұрғын оқшауланды.

Инфекциондық стационарда жатқан екі науқастың жағдайы ауыр. Олардың бірі ер адам, екіншісі жүкті әйел адам.

Сонымен бірге, бұған дейін жағдайы ауыр болған 82 жастағы ақсақалдың денсаулығы оңалып келеді. Ол реанимация бөлімінен стационарға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ақсақал бір апта бұрын жасанды демалу аппаратынан ажыратылды.

Осылайша, Атырауда қатерлі індетті жеңіп шыққандар саны 23 адамға жетті.

20 сәуір 2020, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.