Атырау, 6 қазан 14:40
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Атырауда автобус иелері де қиналуда

3 975 рет қаралды

Карантинге байланысты мұнайлы астанадағы өзге мекемелер секілді «Atyrau-Avtopark» ЖШС-де экономикалық қиын жағдайға тап болды.

Қала ішінде  жолаушы тасымалдау тоқтатылды (медиктерді таситын әкімдік жалдап отырған бірнеше автобустан басқа). Ал бұған дейін мекеме лизинг келісімшартымен Семей қаласындағы «DAEWOO BUS» ЖШС-нен 91 автобус сатып алған. Енді соған сәйкес 250 млн теңге қарыз жиналып қалды.

- Қазіргі жағдайды ескеріп, Семейдегі «DAEWOO BUS" мекемесінен төлем мерзімін кейінге шегеруді өтінген едік, олар әлі шешім қабылдаған жоқ, - дейді «Atyrau-Avtopark» ЖШС директоры Ниязбек МҰҚАШЕВ. – Негізі қарыздың бұл мөлшері онша көп емес, егер келіспесе, олардың автобусқа тыйым салу құқы бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 сәуір 2020, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.