Атырау, 26 қараша 09:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ухан зертханасының басшысы SARS-CoV-2 вирусы қолдан жасалды деген айыпқа жауап берді

Бейнежазба
4 424 просмотра
Ухань вирусология институты © Asia Times

Ухан вирусология институтының директоры, профессор Юань Чжимин SARS-CoV-2 коронавирусын қолдан жасады деген айыпқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Қытайдың CGTN мемлекеттік арнасы хабарлады.

"Бұл вирус бізден шыққан жоқ", - деді профессор. 

Маманның айтуынша, вирусты адам дайындағанына ешқандай дәлел жоқ.

"Кей ғалым вирус дайындау үшін айрықша интеллект және зор еңбек керек деп есептейді. Сондықтан мен ешқашан мұндай вирусты бүгінде, біз, адамдар дайындады дегенге ешқашан сенбедім", - деді ол.

Юань Чжимин коронавирустың лабораториядан шыққаны туралы мақалаларда дәлел жоқ және жай күдікке негізделгенін айтты. Профессордың сөзінше, лаборатория Уханда орналасқандықтан және әлемде пандемия жалғасып тұрған кезде адамдарда мұндай күдік болады.

Сонымен қатар, ғалымның айтуынша, институт мамандарының бірде-бірі вирус жұқтырмаған.

Еске салайық, жақында коронавирустың қолдан жасалғаны туралы Нобель сыйлығының лауреаты, француз вирусологы және ЖИТС-ты алғашқы болып ашқандардың бірі Люк Монтанье айтқан болатын. Ғалым COVID-19 таралуы басталған Ухань қаласындағы "молекулярлық биологтар жұмысының" нәтижесінде SARS-CoV-2 шықты деп есептейді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 сәуір 2020, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.