Атырау, 27 желтоқсан 03:20
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Талдықорғанда «Сары бөктер» шекара заставасының басшысына қатысты сот жалғасуда

2 027 просмотра
ТАЛДЫҚОРҒАН. 27 қараша. ҚазАқпарат - «Сары бөктер» шекара заставасының басшысы Алексей Фоминге қатысты сот отырысы ашық режимде өтуде.

Айыпталушы А. Фомин БАҚ өкілдерінің сот үдерісіне қатысуына қарсы еместігін айтты. Сот отырысы құпия ақпаратқа қатысты болған кезде ғана жабық өтеді.

Сот отырысында Талдықорған әскери гарнизонының судьясы Ержан Абдуллин төрағалық етуде, мемлекеттік айыптаушы - Қайрат Ермаханов, қорғаушылар - Ғалым Нұрпейісов пен Азат Файзуллаев. Сондай-ақ сотталушының анасы Галина Фомина сотқа қоғамдық қорғаушы ретінде қатысуда.

А. Фоминге ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, ол биылғы жылы мамырдың 28-і мен 30-ы аралығында «Арқанкерген» шекаралық бекетімен байланыстың болмағанын Үшарал шекара заставасының басшылығынан қасақана жасырғаны және оның себептерін анықтау мен қалпына келтіру бойынша шара қолданбағаны үшін, оқ-дәрілерді сақтағаны және қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда.

Айта кетейік, Алматы облысындағы «Сары бөктер» шекара заставасының басшысы Алексей Фоминге қатысты қылмыстық іс 7 маусымда қозғалған болатын. Содан кейін соттың санкциясымен ол қамауға алынды.

Дереккөз: inform.kz

27 қараша 2012, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.