Атырау, 14 наурыз 22:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Теңіз кенішінде тағы бір жұмысшы коронавирус жұқтырды

7 231 рет қаралды

Көрнекі сурет

Теңіздегі Бірлік-1 вахталық поселкесінде коронавирус жұқтырған тағы бір оқиға расталған соң, біз ТШО-ның баспасөз қызметіне осы жайтқа түсініктеме беруді өтіндік.

Берілген жауапқа сәйкес, 19 сәуірде «Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кенішіндегі мердігер компания қызметкерінен COVID-19 инфекциясына жасалған сынаманың оң нәтиже көрсеткені туралы ақпарат алған. 17 сәуірде қызметкер ТШО поселкесіндегі медициналық емханаға тұмауға ұқсас белгілермен жүгінген. Содан кейін оны COVID-19 инфекциясына тестілеу үшін дереу оқшаулапты. Тест оң нәтиже берген. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің нұсқауларына сәйкес ол Атырау инфекциялық ауруханасына жеткізілді.

ТШО СЭС-пен бірлесе ықтимал тығыз байланыста болған тұлғаларды анықтап, олар туралы хабардар етеді. Ал жұмысшы тұрған орынжай мұқият дезинфекцияланады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 сәуір 2020, 00:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.