Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда түнде ұсталған такси жүргізушілері 5 мың теңгеге дейін жолақы сұраған

6 736 рет қаралды

18 сәуірде Атырауда полиция қызметкерлері күндіз төтенше жағдай ережесін бұзған 55 адамды, ал түнде 24 жүргізуші мен жолаушылар тасымалдаған бірнеше такси жүргізушісін анықтады.

Атап айтқанда, "inDriver" қосымшасы арқылы жеке тасымалдаумен, сондай-ақ сағат 20.00-ден кейін тамақ жеткізумен айналысқан үш жүргізуші ұсталды. Барлық құқық бұзушылар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Айтпақшы, бір сапар үшін такси жүргізушілері 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін ақы сұраған.

- Көлік құралын мас күйде басқарған үш жүргізуші де ұсталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (мас күйде көлік құралын басқару) бойынша хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фархат ӘБІЛОВ

ӨКҚ ұсынған суреттер 


19 сәуір 2020, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.