Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 80-ге жетті

4 792 рет қаралды

34 жастағы жергілікті тұрғын ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі  Жедел штаб. 

Атыраудағы  Covid-19 жұқтырған сексенінші науқас - 34 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ЖРВИ белгілерімен жедел-жәрдем қызметіне жүгінген.  Кейін оған алгоритмге сәйкес, ПТР-тесті  жасалып, нәтижесінде тұрғынның  қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды.  

Қазіргі уақытта ер адам инфекциялық стационарға жатқызылып,  онымен байланыста болғандар тізімі құрылды. Ал, инфекция ошағына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, дертке шалдыққан науқас  бұрын соңды коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болмаған. 

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырандар саны  80-ге жетті. Ал, дерттен 21 адам  айығып шықты.

19 сәуір 2020, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.