Атырау, 14 қаңтар 02:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда тағы үш адам Covid-19 індетін жұқтырды

4 790 рет қаралды

Облыстық кардиология орталығы. "АЖ" мұрағатынан алынған сурет.

Дертке шалдыққандар бұрын соңды коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болмаған, - деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Штаб мәліметіне сәйкес, 36 жастағы жергілікті тұрғын жүрек-қан тамырлар ауруымен облыстық кардио орталыққа  жеткізілген.  Тексеру кезінде  науқастан  пневмония анықталды.

- Қабылдау бөліміндегі  дәрігерлер бірінші типтегі қорғаныс костюмдерін киген.  Науқас алгоритмге сәйкес  оқшаулау бөліміне орналастырылып,  кейін инфекциялық стационарға жатқызылды.  Осылайша,  медициналық мекемеде инфекцияның таралуына жол берілмеді, - дейді Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев. 

Қазіргі уақытта  инфекция ошағы анықталып, ол жер оқшауланды, науқастың тұрғылықты жеріне дезинфекция жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Covid-19 жұқтырған адаммен байланысушылар тізімі жасалып, оларға коронавирусты анықтайтын тест жасалуда. 

Ал, тағы екі науқас - туберкулезге қарсы диспансердің провизорлық стационарынан жеткізілген 1996, 1997 жылғы  ер адамдар.  Қазіргі уақытта олардың  жағдайы қалыпты, екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылған.

- Жергілікті тұрғындарды оқшаулану мәселесіне жауапты қарауға шақырамын.  Өйткені, қалада індеттің жаңа ошақтары пайда болуда.  Сіз Covid-19  жұқтырған адамды кез келген жерде кездестіруіңіз мүмкін. Сондықтан, жанұяңыздың,  жақындарыңыз бен достарыңыздың денсаулығын сақтаңыз, үйіңізде инфекцияның таралуына жол бермеңіз, - деді Темірбек Мұсағалиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта  Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 79 адамға жетті.  Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны - 21.

19 сәуір 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.