Атырау, 3 мамыр 09:30
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Коммуналдық төлемдер қалай төленеді

4 457 просмотра

18 сәуірде ӨКҚ-де «Атырау облысы су арнасы» КМК директорының орынбасары Нұрлан МҰХТАРОВ пен «Атырау Энергосату» ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОЩАТОВТЫҢ қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

3 наурыздан бастап «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-нің барлық абоненттік учаскелері тұтынушыларға қашықтан қызмет көрсетуге көшті.

- Watsapp мобильді қосымшасы арқылы біздің бақылаушыларымызға есептегіштегі көрсеткішті жолдап, түбіртекті ала аласыздар. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-нің 135 бақылаушысының әрқайсысына учаскелер бекітілген және барлық абоненттің байланыс деректері бар», - деді Н. Мұхтаров. - Техникалық шарттарға өтінім беру мәселелері бойынша 8701 3748656 нөміріне, суды есептеу үшін - 8701 348 2887 нөміріне, авария болса – 87079538903 нөміріне хабарлама жіберуге болады.

Н. Мұхтаровтың айтуынша, 1 сәуірден бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін Атырау қаласының тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтеріне тариф 93,37-ден 83,37 теңге / м3 (10% -ға), су бұру қызметі үшін 32-ден 28,8-ге теңге / м3 (10% -ға) дейін төмендетілді.

Т.Дощатовтың айтуынша, энергиямен жабдықтаушы ұйым да қашықтан қызмет көрсетуге көшкен. Тұтынушылардың барлық өтінімдері atyrauenergosatu@nur.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. 7 учаскенің әрқайсысында Watsapp 8705-792-07-51 нөмірі бар. Абоненттік кассалар барлық қауіпсіздік шараларын қолданып жұмыс істейді.

Энергетиктерге шағын және орта бизнес субъектілерінен электр энергиясының төлемі мен өсімдерді есептеуді кейінге қалдыру туралы 70-ке жуық өтініш келіп түсті. ЖШС түсіністік танытты. Бұдан басқа, 1 сәуірден бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін тұрғындар үшін кВт/сағ 4,55-тен 4,46-ға дейін төмендетілді (2%).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 сәуір 2020, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.