Атырау, 3 мамыр 14:36
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Стамбул-Павлодар рейсімен келген атыраулықтар үйлеріне жіберілді

3 132 просмотра

Стамбул - Павлодар ТWI 702 F сапарымен келген қалған жолаушылар бүгін карантиннен шығарылып, тұрақты мекенжайлары бойынша жіберілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың арасында тоғызы - Павлодар қаласы мен Павлодар облысының тұрғындары. Оның ішінде Екібастұз қаласының 2 тұрғыны бар. Қалған 45-і - еліміздің басқа аймақтарының тұрғындары. Нақтырақ айтсақ, Алматы қаласы, Алматы жəне Жамбыл облысы - 14 адам, Шығыс Қазақстан облысы - 14 адам, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы - 10 адам, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан жəне Маңғыстау облысы - 7 адам. 

"Жолаушылар карантиннің толық курсын өтіп, COVID-19 ПТР тəсілімен 2 рет (түскеннен жəне шығарылғаннан кейін) тексерілді. Нəтижелері індет анықталмағанын көрсетті. Павлодар облысының əкімдігімен тасымалдайтын көлік ұйымдастырылды. 40 азамат, оның ішінде Екібастұз қаласының 2 тұрғыны 3 автобуспен аймақтарына тиісті бақылау өткізу пункттеріне дейін жіберілді. Келген азаматтарды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған көлік қарсы алады", - дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысының əкімдігімен СҚО жəне Ақмола облысының 7 тұрғынын тасымалдау үшін көлік бағытталған. Еске сала кетейік, осы жылдың 4 сəуір күні Павлодар қаласына Стамбулдан ұшақ келіп қонған борттың ішінде 102 адам болды. 2020 жылдың 6 сәуірінде талдау нәтижелері КВИ жоқ екенін көрсеткен 36 адам Нұр-Сұлтан қаласының бақылауына жəне 7 сәуірде 12 адам Қарағанды қаласының бақылауына жіберілді.

18 сәуір 2020, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.