Атырау, 18 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тегін дәрі-дәрмек кімге тиесілі

4 869 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысындағы медициналық мекемелерге 1,5 миллиард теңгеге 345 атауда дәрі-дәрмектер түсті. «СК Фармация» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дәрі-дәрмектер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында белгілі бір сырқаты бар азаматтар санаттарына тиесілі.

Стационарларда емделіп жатқан пациенттер үшін жыл басынан бері өңірге 1,2 миллиард теңгенің дәрі-дәрмектері жіберілген (стационарлар жыл сайын 3,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алуы қажет).

Дәрі-дәрмектер стационарларға, сондай-ақ амбулаториялық қамту үшін медициналық мекемелерге, яғни диспансерлік есепте тұрған және рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтар үшін жеткізілген.

Қандай аурулар үшін тегін дәрі-дәрмек алуға болады:

- жүректің ишемиялық ауруы;

- пневмония, бронх демікпесі;

- артериялық гипертензия;

- аритмия;

- созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- жүрек қақпақшалары протезделген науқастар

- созылмалы С вирусты гепатиті, бауыр циррозы сатысын қоса алғанда

- дельта және дельта агентсіз В вирустық гепатиті

- Крон ауруы;

- ойық жаралы колит;

- асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;

- гематологиялық аурулар, гемобластоздар және апластикалық анемияны қоса алғанда;

- темір тапшылығы анемиясы;

- қан ұю факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы

- аутоиммундық аурулар және иммундық- тапшылықтың жай-күйі

- қант диабеті.

Бірақ бұл тізімнің бір бөлігі ғана. Тегін дәрі-дәрмектер берілетін аурулардың толық тізімін мына жерден табуға болады. Бұл тізімде жаңа туған нәрестеге арналған дәрі-дәрмек қобдишасы да бар.

Дайындаған Нұргүль ХАЙРУЛЛИНА

18 сәуір 2020, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.