Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 76-ға жетті

2 654 просмотра

Атырау облысында Covid-19 жұқтырған тағы төрт адам тіркелді, деп хабарлайды ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Ауырған жергілікті төрт тұрғын да Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Олар - 1980, 1990, 1983 және 1990 жылы туған ер адамдар.

Дертке шалдыққандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем тағайындалды.

Қазіргі уақытта ауру ошақтары оқшауланып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 76-ға жетті, 16 адам жазылып шықты.

18 сәуір 2020, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.