Атырау, 27 желтоқсан 03:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

ConocoPhillips Қашағандағы үлесін сату ниеті туралы Астананы хабардар еткен жоқ – Мыңбаев

1 594 просмотра

АСТАНА, 27 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Америкалық  ConocoPhillips Қашаған кен орындарын өңдеу жобасындағы үлесін (8,4%) ONGC Videsh Limited  халықаралық жоболарына жауап беретін үндістандық мұнай мемлекеттік ONGC компаниясына сату ниеті туралы Қазақстан билігін хабардар еткен жоқ, деді республиканың мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Бір күн бұрын Америкалық  ConocoPhillips Қашаған кен орындарын өңдеу жобасындағы үлесін (8,4%) ONGC Videsh Limited  халықаралық жоболарына жауап беретін үндістандық мұнай мемлекеттік ONGC компаниясына сату ниеті туралы хабарлады.

Мәміле 2013 жылдың бірінші жартысында жабылады, деп күтілуде.

«Бұл мәселені қарайтын ведомствоаралық комиссияға ресми түрде ұсыныс берілген жоқ. Ол ұсыныс қай кезде беріледі, сол кезде комиссия қарайтын болады. Бейресми түрде білетініміз: ConocoPhillipsONGC-мен келісім жүргізіп жатқанын айтқан. Олардың келісіп, келіспегендігін де білмейміз», - деді Мыңбаев.

Дереккөз: newskaz.kz

27 қараша 2012, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.