Атырау, 18 тамыз 18:30
 дождьВ Атырау +28.1
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

Теңіз кенішінде цистерналы «КамАЗ» аударылды

7 064 рет қаралды

Бүгін, 17 сәуірде Теңіз кенішінде цистерналы «КамАЗ» көлігі аударылып, 26 тонна мұнай төгілді. Бағына қарай, көлік өртенбеді. 42 жастағы жүргізуші зардап шеккен жоқ.

«КамАЗ»-дың «ЕМГ СтройСервис-Атырау» ЖШС-не тиесілі екені белгілі болды. Апаттың алдын-ала себебі - жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Тиісті органдар тексеру жұмыстарын бастады, қоршаған ортаға келтірілген залал анықталады.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет

17 сәуір 2020, 19:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.