Атырау, 26 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Мьянмада 25 мың жазасын өтеушіге рақымшылық жасалды

2 795 просмотра

Мьянмада 25 мың жазасын өтеуші рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел президентінің мәлімдемесінде айтылды. Рақымшылық мемлекет басшысының бастамасымен Жаңа жыл мерекесіне орай жасалынған. Жалпы Мьянмада темір торға қамалғандардың жаппай босап шығуы сирек кездесетін жайт болмаса да, биыл олардың саны әдеттегіден көбірек болған. 

Бұл шешім пандемияға байланысты ма, жоқ па әзірге белгісіз. Себебі бұған дейін Хюман Райтс Уотч коронавирустың таралуын тежеу үшін Мьянма түзеу мекемелеріндегі азаматтар санын қысқарту керегін айтқан еді. 

Айта кетейік, бүгінде бұл елде 92 мың адам түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ал вирус жұқтырғандар саны 85-ке жеткен.

17 сәуір 2020, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.