Атырау, 22 қараша 12:41
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қытай құжатына халық наразы

2 247 просмотра

Жаңа қытайлық төлқұжат - Вьетнам, Үндістан, Тайвань және Филиппин үшін жаңа қолайсыздықтар тудыруда. Аспан асты елінде жуырда пайда болған биометрикалық төлқұжатқа бұл елдер наразы. Онда, ел аумағы бейнеленген картаның суреті бар.

Алайда, қытайлықтар иемденіп отырған кейбір жерлер Үндістан мен Тайваньға тиесілі аумақ ретінде даулы болып келген. Мұнан бөлек, жоғарыда аталған елдер мұны «егемендігімізге төнген қауіп» деп, қабылдады. Және мұны тектен тек қалдырмауға мүдделі.

Вьетнам қытайлық төлқұжатқа виза қоюдан бас тартты. Тайвань Бейжіңді дау дамайдан аулақ болып, шындыққа тура қарауға шақырды. Үндістан болса, өз елдерінің нақты шекарасы айқындалған картаны басып шығаруда. Ал, Филиппин жағы, істің бұлай бағыт алуына ашық наразылық білдірді. Осынша дүрбелеңге себеп болған Бейжің болса, «құжат барлық халықаралық талапқа сай», деп міз бақпай отыр.

Рауль Хернандес, Филиппин сыртқы істер департаментінің баспасөз хатшысы:

Біз келешекте қалай әрекет етудің түрлі жолдарын қарастырудамыз. Әзірге, нақты бірдеме айту қиын.

Дереккөз: astanatv.kz

27 қараша 2012, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.