Атырау, 5 мамыр 08:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Күшейтілген режимдегі алғашқы күн - "АЖ" фоторепортажы

Сурет Бейнежазба
3 955 просмотра

Бүгін, 17 сәуірден бастап Атырау қаласында карантин режимі күшейтілді. Базарлар жұмысын тоқтатып, халықтың көшеде жаяу және жеке көліктерімен де жүруіне де шектеу қойылды.

 «АЖ» тілшісі үйде отырған тұрғындар үшін көліктен босап қалған қаланы объективтің көзімен көрсетуге тырысты.   

Таңертең 09:00 бастап қалада көпірлер мен (Сәтбаев, Азаттық, Өтемісов, Тайманов, Баймұқанов, Бейбарыс секілді) барлық маңызды жол қиылыстарына  турникеттер қойылды.

Полиция қызметкерлері әр жүргізушінің құжаттарын тексеріп өткізе бастады.  

Жұмысқа қатынайтындар үшін таңғы сағат 7:00 ден 10:00 ге дейін 7 бағытқа қоғамдық көліктер арқылы тұрғындарды тегін тасымалдау құйымдастырылды. Бұл рейстер кешкі 17:00-20:00 аралығында қайтадан жұмысын жалғастырады.


Жеке көлікті қызметін жалғастыруға рұқсат етілген мекеме қызметкерлері ғана жұмыс орны берген анықтама арқылы жұмысқа баруға және қайтуға пайдалана алады.

Енгізілген шектеуге қарамастан көшедегі көліктер қозғалысы сағат 10:00 ге дейін азайған жоқ. Турникеттен жекелеп тексеріп өткізуге байланысты Құнанбаев, Құрманғазы көшелерінде кептелістер орын алды.

Ал, кеше ғана кептеліс болып жатқан Дина, Көктем, Сарайшық базарларының көлік тұрағы бүгін қаңырап тұр.

Дина базарының артқы жағында көтерме сауда орталығына дүкендерге тауар тасымалдайтын жүк көліктері ғана тиісті құжатпен кіре алады.

Сөмкесін ұстап Дина базарына келе жатқан әйелге полиция  қызметкері ескерту жасап жолын кесті. Тұрғын болса «Кеше ғана әкімдіктің базарлар жабылмайды дегені қайда, ертерек ескертпей ме» деп назданып кері қайтты.

Әлеуметтік желіге тараған ақпараттарға сүйенсек, жаңалықты естімеген кейбір ет сатушылар базарға ет әкеліп тұрып, есіктегі құлыптан кері қайтқан.

Қалада супермаркеттердің барлығы таңертең 10:00-20:00 аралығында қалыпты жұмыс жасауда. Кассаларда кешегідей ұзын-сонар кезек жоқ.  

Көшелерден тек азық-түлік алып келе жатқан жаяу адамдарды ғана көруге болады.

Ал, көпқабатты үйлердің тұрағы көлікке толы. Кейбір жерлерде аулалардың тарлығына байланысты көліктер ойын алаңына дейін басып алған. Бұл көрініс 1 мамырға дейін осылай жалғасады.   


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

17 сәуір 2020, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.