Атырау, 22 қараша 03:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Екі майданда

3 118 просмотра

«AG Desinfection services» компаниясы қазір коронавирустың таралуына қарсы күресу үшін тұрғын үй кіреберісі мен көшелерді дезинфекциялауға жұмылдырылған. Дегенмен, қала аумағын масадан улау да оның міндетіне жүктелген.

Түске дейін техника (4 «Газель» және ГАЗ-53 негізінде бір автоцистерна) кіреберіс пен көшелерді дезинфекциялайды, ал түстен кейін масаны улауға шығады. Коронавирусқа қарсы құрамында хлор бар препараттар қолданылса, масамен  агран деп аталатын пестицидтер арқылы күреседі.

Өткен жылы Атырауда қансорғышты жоюға 127,2 млн теңге, ал биыл тек 65 млн теңге бөлінді.

- Масаны улау 28 наурызда Сасық сайдан басталды, кейін Мостовой каналына кірісті, қазір Гагарин атындағы мектеп маңы өңделуде, - дейді мекеменің энтомологы Айнагүл ДАУЛЕТЬЯРОВА. - Өткен аптада «Квадрат» булану алқабының оң жағын, кейін Мұнайшы, Геолог және Береке ықшамаудандарында жиналып тұрған су өңделді. Қазір тұрғын үй кіреберісі мен жертөлені өңдеу жұмыстары басталуда. Жұмыс күндері ПИК қызмет көрсететін үйлерді, демалыс күндері иесіз үйлерді өңдейміз. Кестені ТКШ қалалық бөлімінің келісімі бойынша ПИК төрағалары белгілейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті ұсынған «AG Desinfection services» ЖШС

17 сәуір 2020, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.