Атырау, 18 желтоқсан 17:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Қандай бизнеске жеңілдікпен несие беріледі

3 869 просмотра

ҚР Ұлттық Банкі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОК) жеңілдікпен несие беру бағдарламасын әзірледі. Ұлттық банктің Атырау филиалында хабарлағандай, оны жүзеге асыруға екінші деңгейлі банктерге шартты салымдарды орналастыру арқылы 600 млрд теңге бөлінеді. Бағдарламаның операторы «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ болады.

Екінші деңгейлі банктен не талап етіледі:

- ақша қаражаты ШОК субъектілеріне жаңа несие беруге бағытталуы тиіс;

- бір ниесие алушыға лимит: заңды тұлғалар үшін – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері - 3 млрд теңгеден аспайды;  жеке кәсіпкерлер үшін - 50 млн теңгеден аспайды;

- айналым қаражатын толықтыруға арналған несие қаражаты қарыз алушының банктік шотына аударылып, ол тауар, жұмыс, қызмет үшін және бюджет салығы мен жалақы төлемдерін қолма-қол ақшасыз жүзеге асырады;

- екінші деңгейлі банкке мемлекеттік және мемлекеттік емес құнды қағаздарды, шетел валютасын сатып алуға, өзге екінші деңгейлі бенктегі  депозитке салуға және басқа да ШОК субъектілерін қаржыландыру көзделмеген мақсатқа жұмсалмауы тиіс.

Қаржыландыруды пайдалана алмайтын ШОК субъектілері:

- 2020 жылғы 16 наурызға дейін 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі болса;

- екінші деңгейлі банктермен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғалар болып табылса;

- ҚР резиденті болмаса;

- құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар (мекемелер), ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей мемлекетке тиесілі ұйымдар, олармен үлестес  болғандар және меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ШОК субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар.

Қарыз шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 8%-ға дейін; мерзімі - 12 айға дейін. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

17 сәуір 2020, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.