Сурет: twitter.com/chromowskaja
Швед ханшайымы София Хельквист дәрігерлерге коронавируспен күресуге көмектесу үшін Стокгольмдегі Софиахеммет ауруханасына жұмысқа орналасты, - деп хабарлайды ScoopSquare24.
Желіде 35 жастағы Швеция ханшайымы София Хельквисттің ауруханада түскен суреті тарап жатыр. Онда София хирургиялық костюм киіп тұр.
Корольдік баспасөз қызметінің айтуынша, ханшайым COVID-19 пандемиясы тарап жатқанда дәрігерлер мен медбикелерге жүктемені төмендету үшін Стокгольм ауруханасында жұмысқа кіріскен.
Sister Sofia reporting for duty.
Princess Sofia & fellow students posed for pics at Sophiahemmet hospital today.
They will relieve ordinary staff at the hospital which have cancelled all planned operations to relieve other hospitals during the C-19 pandemic
Jonas Ekströmer TT pic.twitter.com/etv6HMkCeT
— JR (@Jakreg76) April 16, 2020
Басылымның айтуынша, ханшайым колледжде аурухана ұйымдастырған үш күндік курстан өткен, онда қосалқы медицина қызметкерлерін дайындайды.
Ханшайым София - Швеция королі XVI Карл Густавтың жалғыз ұлы Карл Филипптің жары. Ол тұрмысқа шықпай тұрып модель болған.
Наурыз айының соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның немересі ханзада Уильям да коронавирус пандемиясына қарсы күресте елдің денсаулық сақтау қызметкерлеріне көмек көрсету үшін санитарлық авиацияға оралуға ниетті екені белгілі болған.
Дереккөз: Tengrinews.kz