Атырау, 27 желтоқсан 02:56
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда

1 703 просмотра

АСТАНА, 27 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысында Қазақстан-Қытай мұнай құбырын аралап ұшып шығып жоғалып кеткен тікұшақты іздеу үшінші тәулікке жалғасуда, деп хабарлайды сейсенбіде ҚР ТЖМ-нен.

24 қараша күні  Алматы облыстық ТЖД-нің кезекшілік бөліміне Алматы облысының Алакөл ауданындағы ұшу-қону алаңынан көтерілген МИ-823 тікұшағының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. «ЕуроАзияЭйр» АҚ-ның жезқазғандық филиалының иелігіндегі тікұшақты «Қазақстандық-қытайлық құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашаңқой мұнай құбырын әуеден қарау үшін жалға алған. Оның ішінде экипажбен бірге 8 адам болды.

«Дүйсенбі, 26 қарашада іздеу жұмыстары үргізілііп , Достық стансасынан Алакөл көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына дейін ұшу болды, алайда шектеулі көрінушілікке байланысты бөлшектеп қарап ұшу өткізілмеді. ШҚО аумағын зерттеумен құбыр бойынша, Жоңғар тауларының етегінен «Ырғайты» асуына дейінгі жерлер қаралды, одан кейін барлық шатқалдар,  оның ішінде Сарыбөктер, Селті учаскелерінен ҚХР шекарасына дейінгі жерлер қаралды. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның бір МИ-8 тікұшағы; ҚР ҰҚК Ұшарал шекара жасағының екі МИ-8 тікұшағы қатысты. «Іздеу жұмыстары 27 қараша таңғы сағат 8-де қайта жалғасты», - деп сендірді ТЖМ-де.

Дереккөз: newskaz.kz

27 қараша 2012, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.