Атырау, 5 мамыр 04:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Мектепте емтихан болмайды

3 558 просмотра


Соңғы тоқсанда бөлім бойынша жиынтық бағалау 4-8 мамырда, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау  18-22 мамырда өтеді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Атырау қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза ШАНГЕРЕЕВА хабарлады.

5-8 және 10 сынып оқушыларын аралық аттестаттау, сондай-ақ бітіру емтихандарын тапсырмайды. Қорытынды бағалар тоқсан қорытындысы бойынша қойылады.

- Қашықтан оқытудың алғашқы күндері ата-анадан көп сұрақ түсті. «Күнделік» жүктелмей, кейбір оқыту платформаларында ақау болды. Бірақ жұмыс барысында мұғалім мен оқушы өздері үшін ең оңтайлы әдісті таңдап алды, - деді Ф. Шангереева. - Елдегі оқыту интернет-платформаның бәрі  тегін. Қазір бәрі үйренді. Балалар «Балапан» және «Ел арна» телеарналары көрсететін сабақтарды қарайды, ал мұғалімдер кейде бейне-форматта сабақ жүргізеді. Сонымен қатар тапсырмаларды жіберіп, WhatsApp және  Telegram мессенджерлері арқылы орындалуын қадағалайды.

Облыстық білім беру басқармасының жанынан 27 09 40 жедел телефон желісі іске қосылды. Осындай қолдау телефоны қалалық білім беру бөлімінің жанынан да қызмет көрсетеді – 35 37 23.

«Қазтелерадио» АҚ Атырау филиалының директоры Арон САБЫРОВ сабақты тек телеарналар арқылы ғана емес, сондай-ақ, 4 тоқсан басталғалы біздің облыста 20 мың адам қосылған «GalamTV» қазақстандық интернет-телевидениесі арқылы да көруге болатынын айтты. «Қазақстан» телеарнасынан да  «Балапандағы» сабақ көрсетіледі. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 сәуір 2020, 00:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.