Атырау, 23 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда ТЖ режимін қамтамасыз ету үшін 700 полиция қызметкері жұмылдырылады

3 654 рет қаралды

Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері  енгізген шектеу шаралары  17 сәуір күшіне енеді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Жаңа шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап,  Төтенше жағдай режимін  қамтамасыз ету Полиция департаменті қызметкерлерінің құзырында. 

Осылайша, 17 сәуір  сағат 07:00-ден бастап қала көшелерінде 40 патрулдік көлік пен 40 жаяу патрул тәулік бойына жұмыс істейтін болады. 

Облыстық орталығының  өзі бірнеше секторға бөлінбек, олардың әр қайсысына  жауапты адамдар тағайындалған. Қаладағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге 700 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің 14 сәуір күнгі қаулысына сәйкес, өңірде  карантин режимі кеңейтіліп, шектеу шаралары енгізілген еді.

16 сәуір 2020, 22:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.