Атырау, 26 желтоқсан 17:27
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Иірімге итермелеген махаббат

5 863 просмотра

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 23 қарашада 15 сағат 50 минутта Атырауда қыз бен жігіт жаяу жүргінші көпірінен бірге секіріп кетіпті.

Кейінірек анықталғандай, осылайша олар өз-өздеріне қол жұмсамақ болған. Алайда мұздай суға шыдамай, олар жағалауға дейін өздері жүзіп шыққан. Ал ол жерде оларды оқиғаны көзімен көрген адамның қоңырауы бойынша жеткен «Тосқауыл» полициясының күндізгі мобильді жасағы күтіп тұрған еді.

Полицейлер оларды жылытып, не болғанын сұраған кезде, мұндай шарасыз қадамға баруға жауапсыз махаббаттың түрткі болғаны анықталды. Жігіт қызды сүйеді екен, ал қыз басқа жігітті сүйеді, бірақ әлгі жігіт оған көңіл аудармайды. Сөйтіп екеуі (жастары 20-да) осылайша бірге өмірмен қош айтысуды ұйғарған...

Оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Полицияның мәліметтері бойынша, қыз өз жеріне, Оралға кетіп қалған көрінеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қараша 2012, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.