АСТАНА, 26 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада еліміздің әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізеді деп мәлімдеді Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
«28 қарашада Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның барлық деңгейдегі әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізіледі»,-деп атап өтті ресми өкіл баспасөз мәслихатында.
Оның мәліметінше, отырыс барысында аймақтарды дамыту, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру, әлеуметтік-экономикалық міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланады.
Дереккөз: newskaz.kz