Бүгін, 15 сәуірде полицейлер күмәнді сөмке туралы дабыл түскеннен кейін «Сары Арқа» бизнес орталығын (Marwin дүкені) қоршауға алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, орталық ішінен иесіз жатқан сөмке табылған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері Сәтпаев даңғылының бір бөлігін қоршап тастады. Сол жерге саперлар, жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер келді.
Сөмкенің ішін тексерген кезде күмәнді ештеңе табылған жоқ. Осыдан кейін қоршау ашылды. Полиция департаменті әзірге түсініктеме берген жоқ.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА