Атырау, 23 желтоқсан 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атыраудағы базарлар мен азық-түлік дүкендеріне жаңа шектеулер әсерін тигізбейді

Бейнежазба
7 056 рет қаралды

Жедел штаб жергілікті тұрғындарды сауда нысандарында дүрбелең туғызбауға шақырды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының  Бас санитарлық дәрігерінің карантин кезеңінде шектеу шараларын енгізу туралы № 31 қаулысына сәйкес,  2020 жылдың 15 сәуірінен 1 мамырына дейін азық-түлік дүкендері мен базарлар қатаң белгіленген режимде  жұмыс істейтін болады.

- Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал, азық-түлік базарлары 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, - деп түсіндірді Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

15 сәуір 2020, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.