Атырау, 23 желтоқсан 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Көктемгі маусым жақсы басталды

3 434 рет қаралды

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫНЫҢ айтуынша, көктемгі балық аулау маусымында балық аулау кооперативтеріне лимитті орындауға жақсы мүмкіндік бар.

Көктемгі балық аулауға 16 өндірістік кооператив пен 2 бекіре өсіру зауыты жұмылдырылған. Бірінші онкүндікте балықшылар бөлінген лимит (бұл 7 мың тонна) бойынша 1 мыңнан астам тонна балық (негізінен, қаракөз бен табан балық), соның ішінде, екі бекіре өсіру зауыты бекіре тұқымдас 27 балық аулаған.

Естеріңізге салсақ, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде көктемгі балық аулау маусымы 15 күнге – 25 мамырға дейін, ал Жайық өзенінде 20 күнге – 15 мамырға дейін ұзартылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 сәуір 2020, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.