Атырау, 23 желтоқсан 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда автобустар мен такси қозғалысы тоқтады

5 208 рет қаралды

Атырауда қоғамдық көліктер мен таксилердің қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек МұСАҒАЛИЕВТЫҢ қаулысына сілтеме жасап.

 «Атырау қаласының әкімдігі, жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары такси қызметін қоса алғанда, қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салуды және осы тыйымның орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін», - делінген хабарламада.

Бас санитарлық дәрігердің №31 қаулысы қол қойылған сәттен - 14 сәуірден бастап күшіне енді, 2020 жылдың 1 мамырына дейін жарамды.

15 сәуір 2020, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.