Атырау, 27 желтоқсан 02:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстан Ресейдің ізінше көлік басқаруға сенімхатты алып тастамайды

2 449 просмотра

Қазақстан Ресейдің ізінше автокөлік басқаруға сенімхатты алып тастамайды, деп жазады «Мегаполис» газеті.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, бұл құжат қылмыскерлер мен жол-көлік апатына айыптыларды іздестіру үшін аса қажет.

«Ертең жол апаты бола қалды делік. Біз көлік иесі кім екенін білеміз. Ал ол болса, көлікті біреуге бергенін айтады. Келесі адам тағы біреуге сілтейді. Біз осылайша көлік иесінің соңынан жүріп отырамыз. Сондықтан, есепке алудың қатаң жүйесі болуы керек», – деді Қасымов.

Еске сала кетсек, Ресей үкіметі ресми түрде сенімхатты жүргізушінің көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттар тізімінен алып тастады. Енді жүргізуші өз құқын растау үшін жүргізуші куәлігін, автокөлікті тіркеу туралы куәлік пен АЖМСА (ОСАГО) полисті алып жүруі тиіс. 

Дереккөз: bnews.kz

26 қараша 2012, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.