Атырауда мейрамханалар мен кафелер өз тұтынушыларына тамақ жеткізуді жалғастырады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВТІҢ қаулысына сілтеме жасап.
«Мейрамханаларға, кафелерге, барларға, асханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану орындарына тек сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін «клиенттерге жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс істеуге рұқсат етілсін», делінген хабарламада.
Бас санитарлық дәрігердің №31 қаулысы қол қойылған сәттен - 14 сәуірден бастап күшіне енді, 2020 жылдың 1 мамырына дейін жарамды.