
Атырауда мұнай өңдеу зауыты маңында кепкен қамыс кешеден бері өртеніп жатыр. Өрт аумағы - шамамен екі гектар.
-Шақырту кешкі сағат 21.51-де түсті. Таңғы 6-ға дейін 700 шаршы метр жердегі өртті сөндірдік, бірақ өрттің ошағына техника әлі жеткен жоқ, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі. - Сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Кейін хабарлағандай, өрт шалған жердің көлемі 45 гектарға жетті. Өртті сөндіруге ТЖД 18 қызметкері және 3 арнайы техника қатысты. Өрт 15 сәурде сағат 17.47-де өшірілді.
Фархат ӘБІЛОВ
Сурет «АЖ» оқырмандарынан