Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада түнгі уақытта алыстан полиция бір ер адамды ұстап алғаны байқалады. Ұсталған жігіт айқайлап жатса, оны күштеп патруль көлігіне отырғызуда. Кейін осы жағдайға қатысты облыстық ПД Фейсбуктегі өзінің ресми парақшасында түсінік берді.
«12 сәуір күні сағат 21.20 шамасында «Батыс 25» экипажы Сәтбаев және Пушкин» көшесінің қиылысында «Mercedes Benz» автокөлігін тоқтатпақ болғанда көлік жүргізушісі бастапқыда құлақ аспаған. Дауыс күшейткіш құралымен бірнеше мәрте ескерткеннен кейін жүргізуші Құлманов көшесіндегі сауда орнының қасына тоқтады. Экипаж қызметкерлері тексере келгенде ұсталған 34 жастағы ер адамның жүргізушілік құжаты жоқ, ал сараптама нәтижесінде ол «орта» дәрежелі мас күйде болған. Сөйтіп ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстіктің бірнеше бабымен жауапқа тартылып, сот қаулысымен 45837 теңге айыппұл салынып, 30 тәулікке қамауға алынды».
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА