Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Жұмабек - жүректілер жекпе-жегінің мықтысы болды

2 705 просмотра

16-18 қарашада Польшаның Краков қаласында аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы панкратион бойынша екінші командалық орынды және ережесіз жекпе-жектен үшінші орынды жеңіп алды. Ойынның екі түрінде де  атыраулық спортшы Жұмабек ЖЕТПІСБАЕВ екі рет алтын медальға ие болды.

16 қарашада панкратион бойынша мықты деген спортшылар анықталған кезде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды алматылық Ольга Ахметова (84 келіге дейінгі салмақта)  салды. Күміс медальға 62 келіге дейінгі салмақта Ақтөбеден келген Арман Шыңдәулетов ие болды, ал қоланы атыраулық Асланбек Тәженов (77 келіге дейінгі) иеленді.

Құрама команданың жаттықтырушылары 71 келіге дейінгі салмақта ширату жаттығу үшін Жұмабекті сайысқа қосты, ол келесі күні ережесіз жекпе-жекке қатысуға тиісті болатын. Оның үстіне бұл оған сәйкес келмейтін белдесу еді, оған басқа бір атыраулық палуан Артур Дидаров қатысуға тиіс болатын. Оның жарақат алуына байланысты келмей қалды. Жұмабектің бой ширатуының  ақыры чемпиондықпен аяқталды.

Екінші күні ережесіз жекпе-жекте О.Ахметова өзінің жеңісін ақтай алмады. Ол финалда Македониядан келген мықты спортшыдан жеңіліп қалды. Алматылық Сергей Мороз (66 келі дейінгі), қарағандылық екі спортшы Рашид Дагаев (77 келіге дейінгі) және  Хусейн Фердоуси (92 келіге дейінгі) қола жүлдегерлер атанды.

Ал, Жұмабек  жартылай финалда Сербиядан келген қарсыласын тіке соққы арқылы жағына соғып, нокаутқа құлатты.  Ал, финалда ол айқасты соққымен партерге жеткізіп, украиндық қарсыласының басынан соққыны жаудырды.

Қазақстандық панкратион, греплинг және ережесіз жекпе-жек федерациясының президенті Сағындық МЕКЕЕВТІҢ хабарлағанындай, Жұмабек пен Ольга өздерінің бұл жеңістерімен Нью-Йоркте келесі жылдың 16 ақпанында болатын ережесіз жекпе-жектің әлемдік сериясына жолдаманы жеңіп алды.

Сондай-ақ атыраулық спортшылар 18-19 қарашада  Афинада панкратион бойынша өткен жастардың әлемдік чемпионатында да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Онда Самат Жақпаров чемпион атанды, ал, Ерлан Сағидолла қоланы қанжығасына байлап қайтты.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қараша 2012, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.