Атырау, 24 қараша 11:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнай саласында тендерлерге үзіліс жасалады

2 908 просмотра


Наурыз айының соңында ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға әдетте екі айға созылатын конкурс рәсімдерін өткізбей-ақ, Қазақстанда өндірілетін тауарларды (құбырлар, арматура өнімдері, сорғылар, трансформаторлар, кабельдік өнімдер және т.б.) сатып алуға рұқсат берді.

Жақында PSA (Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бойынша өнімді бөлу туралы келісімдегі өкілетті орган) және NCOC консорциумы Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезеңінде отандық өндірушілерден тауарларды сатып алу рәсімдерін оңтайландыру туралы келісімге келді.

«Бұл Қазақстанның мұнайгаз секторына арналған тауарлар мен қызметтердің отандық жеткізушілеріне қазіргі қиын жағдайда жеңілдетілген түрде келісімшарттар жасауына мүмкіндік береді», - деп атап өтті PSA баспасөз қызметі.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 сәуір 2020, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.