Атырау, 26 қараша 09:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түркия билігі коронавирусқа байланысты 90 мың адамды түрмеден босатады

3 393 просмотра


Түркия парламенті коронавирусқа байланысты 90 мыңға жуық адамды түрмеден босату туралы заңнаманы мақұлдады. Бұл құжаттың қабылдануын 279 адам қолдап, 51 депутат қарсы шыққан, - деп хабарлайды DW.

Бірақ дереккөз мәліметінше, құқық қорғаушылар мен белсенділер Түркия билігін сынға алып жатыр. Себебі бұл заңнама саяси айыптармен сотталғандарға қатысты емес екен. 

Сондай-ақ, дауыс беру алдында Түркияның әділет министрі Абдулхамит Гюльдің коронавирус анықталған үш сотталушының түрмеде қайтыс болғанын хабарлағаны айтылады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Түркияда 61 049 адам COVID-19 жұқтырған. Осыған байланысты Түркия билігі қатаң шектеу шараларын қабылдап жатыр.

Мұның алдында Иран билігі де коронавирусқа байланысты 85 мың адамды түрмеден босатқан еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 сәуір 2020, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.