Атырау, 24 қараша 10:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында COVID-19 жұқтырған тағы бір адам анықталды

4 311 просмотра


Бүгін Атырауда қауіпті инфекцияны жұқтырған тағы бір жағдай тіркелді,- деп хабарлады ТЖ режимін қамтамасыз ету штабы.

Өңірдегі коронавирус жұқтырған алпыс үшінші адам - 54 жастағы әйел. Ол бұрын ауырған адаммен байланыста болғандар тізімінде болып, дәрігерлердің бақылауымен оқшауланған еді. Қазіргі уақытта науқас жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылып, хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Байланыста болған тұлғалар анықталды және оқшауланды. Жұқтыру ошағында дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр.

Осылайша, Атырау облысында науқастар саны 63-ке жетті.

14 сәуір 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.