Атырау, 23 желтоқсан 21:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда түзету мекемелерінде жиырма мың масқа тігілді

3 065 рет қаралды

 

Көрнекі сурет

ТЖ режимі енгізілгеннен бері Атыраудағы екі түзету мекемесінде сотталғандар полиция және ҚАЖД қызметкерлеріне 20 мың қорғаныс маскасын тігіп берді. Сол үшін оларға ақшалай сыйақы бөлінді.

-Ерлер түзету мекемесінде масканы жазасын өтеп жатқан 6 адам тігеді, ал әйелдер колониясында 25 адам. Қысқа мерзім ішінде бірнеше рет пайдалануға болатын 20 мың маска тігілді, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. – Аса қажетті жұмысты атқарғандары үшін Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев Қазақстанда жазасын өтеп жатқандарға сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады. Соның ішінде Атырау облысына 150 мың теңге бөлініп, ақшасы олардың жеке шотына аударылды.

Айтпақшы, бұл жұмыс алдағы уақытта, яғни жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде сотталғандардың тағдырына да оң әсер етеді.

Фархат ӘБІЛОВ

13 сәуір 2020, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.