Атырау, 26 қараша 09:18
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Түркияның ішкі істер министрі отставкаға кеткенін жариялады

3 010 просмотра


Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу кеше отставкаға кеткенін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұған елдің 30-дан астам провинциясында 2 күндік коменданттық сағат режимі енгізілгені себеп. Шектеуден бірнеше сағат бұрын ғана хабардар болған тұрғындар жаппай дүкендерге бет алды.

Сауда орталықтарының алдында жиналған жұрт бір айдан бері сақталған әлеуметтік қашықтықты бұзып, инфекцияның таралу қаупін арттырды. 

Дегенмен президент Режеп Тайып Ердоған, ішкі істер министрінің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамайтынын мәлімдеп, қызметін жалғастыратынын баяндады. Оның қазірге дейін лаңкестікке қарсы күрес, түрлі деңгейдегі апат кезінде атқарған қызметтерін еске салды.

13 сәуір 2020, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.