Атырау, 4 мамыр 13:52
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Эквадор президенті министр мен депутаттарының айлығын 50 пайызға қысқартты

2 918 просмотра


Эквадор президенті Ленин Морено жоғары шенділердің жалақысы 50 пайызға төмендетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мұндай шаралар коронавирус, мұнай бағасының құлдырауы және бюджет тапшылығынан туындаған күрделі дағдарыс жағдайында мәжбүрлі түрде қабылданды.

Мен президенттің, вице-президенттің, министрлер мен вице-министрлердің айлық жалақысын 50 пайызға төмендетуді бұйырдым, деп жазды президент Твиттерде. Морено жалақының азаюы ұлттық парламент мүшелері мен жергілікті билік шенеуніктеріне де әсер ететіндігін айтты.

Жұма күні Эквадор басшысы елде бюджеттен тыс қор құрды, атап айтқанда азаматтық қоғам мен ірі бизнес өкілдерінің міндетті жарналар алынып, гуманитарлық көмек қорын құратынын жариялады.

13 сәуір 2020, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.