Түркия билігі коронавирустың жаңа түрінің таралуын болдырмау шаралары аясында 31 провинцияда коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Үйден шығуға 48 сағатқа салынған тыйым 11 сәуірде түнде күшіне енеді және 13 сәуірде 00:00-ге дейін қолданылады. Шектеу шаралары ел астанасы Анкарада және Түркияның ірі мегаполисі Ыстанбұлды да қамтиды. Провинцияның губернаторларына тиісті өкімхат жіберілді.
Дереккөз: inform.kz