АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат -Филиппинде өткен «Ғаламшар аруы - 2012» белді байқауында Чехия бойжеткені Тереза Файксова жеңіске жетті.
Бұл туралы байқаудың ресми сайтында мәлім етілді.
Екінші орын - филиппиндік Стефани Стефановицке, үшінші орын Венесуэла азаматшасы Осмариэль Вильялобосқа бұйырды. Төртінші орынды Бразилия аруы Камила Брнат қанағат тұтты. Оларға «кіші» - «Жер Ауа аруы», «Жер Су аруы», «Жер От аруы» титулдары берілді.
Ресейлік Наталья Переверзева тек жартылай финалға ғана өте алды. Себебі, Н.Переверзеваның сөйлеген сөздері байқау кезеңдерінің бірінде дау шығарған болатын. Ресейлік қыз «Өз еліңді не үшін мақтан тұтасың?» деген сауалға жауап бере келе, туған елін сынға алып, оны азап шегуші, ашкөз, алақол, дінсіз адамдармен талан-таражға түскен деп атады.
«Ғаламшар аруы» байқауы 2001 жылдан бастап өткізіледі. Ол қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен экологияға назар аударту мақсатында ұйымдастырылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат